Артқа
Артқа

МӘМС ИГІЛІКТЕРІ: КҮРДЕЛІ ОТАЛАР ЕЛІМІЗДЕ ТЕГІН ЖАСАЛАДЫ

Бүгін Астана қаласы бойынша «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» «МӘМС жүйесінің тамырлы нейрохирургияны дамытудағы рөлі» тақырыбында баспасөз мәслихатын өткізді. Журналистер Ұлттық нейрохирургия орталығында болып, заманауи ота, жаңа әдістер туралы ақпарат алды. Сондай-ақ шара барысында «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Асылбек Қалиев сақтандыру қорының ем-шара алудағы мүмкіндіктері туралы айтып берді. Асылбек Бақытбекұлының айтуынша, соңғы кезде МӘМС арқылы тегін ота жасату мүмкіндігі артқан.

"Ұлттық нейрохирургия орталығында жылына орта есеппен 5000-дай ота жасалады, жалпы 5800-дей адам ем алады. Астана елдің орталығы болғандықтан, мұнда еліміздің 19 өңірінен келетін пациенттер бар. Пациенттеріміздің 90 пайызы – өзге өңірлерден келетіндер. МӘМС арқылы, квота алып, тегін емделуге, отадан кейін оңалтудан өтуге болады", - деді Асылбек Қалиев.

Айта кетейік, орталықта 2021 жылдан бері «Гамма-пышақ» әдісі арқылы ота жасалады. Медицинадағы бұл әдіс шетелде 20-30 жылдан бері қолданылғанымен, Орталық Азияда тек Қазақстанда ғана бар. Қазір медициналық туризм бағыты жанданып келе жатқанын ескерсек, онда бұл Ұлттық Нейрохирургия орталығына көрші елдердің азаматтары тарапынан сұраныс артады деген сөз.

Тағы бір ақпарат, жалпы 16 жыл ішінде орталықта 70 мыңнан астам пациент ем қабылдап, 49 мыңнан астам операция жасалған.

Ота гамма-пышақ арқылы 0,15 мм дәлдікпен 192 радиоактивті кобальт-60 көзі арқылы сәулемен жасалады. Бүгінге дейін осындай әдіспен 1700 ота жасалған.

Ұлттық нейрохирургия орталығының ашылуы Қазақстанда жоғары технологиялық нейрохирургиялық көмекке қолжетімділікті едәуір арттырды. Бұрын шетелде ғана жасалатын күрделі операциялар бүгінде Қазақстанның өзінде қолжетімді.
qazradio.fm
20.11.2024
66% считают статью полезной Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
АУЫЛ ТҰРҒЫНЫНЫҢ БАҒДАРЫ: МӘМС АЯСЫНДА МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІ ҚАЛАЙ АЛУҒА БОЛАДЫ?
АУЫЛ ТҰРҒЫНЫНЫҢ БАҒДАРЫ: МӘМС АЯСЫНДА МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІ ҚАЛАЙ АЛУҒА БОЛАДЫ?
Қазақстанда ауылдық елдімекендерде халықтың 38%-ы тұрады. Олардың басым бөлігі ресми жұмыс істеп, МӘМС-ке жалақыдан аударымдар мен жарналар төлейді. Кейбір азаматтар дербес төлеуші ретінде (айына 4250 теңгеден төлеп) сақтандырылған. Барлық сақтандырылған азаматтар төлеген жарна мөлшеріне қарамастан МӘМС тізіміне кіретін медициналық көмектің қажетті көлеміне алуға құқылы.
27.11.2024
ВСЕ В РАМКАХ ОСМС
ВСЕ В РАМКАХ ОСМС
Компьютерную томографию, магнитно-резонансную томографию и ультразвуковое исследование бесплатно могут пройти застрахованные казахстанцы. Об этом рассказала директор Центрального клинического госпиталя для ветеранов ВОВ Динара УРАЗАЛИНА.
10.10.2024
СИСТЕМУ ОСМС УСОВЕРШЕНСТВУЮТ В КАЗАХСТАНЕ
СИСТЕМУ ОСМС УСОВЕРШЕНСТВУЮТ В КАЗАХСТАНЕ
Координационный совет по совершенствованию ОСМС создадут в Казахстане.
12.09.2024
Барлығын көру
Подать обращение МӘМС калькуляторы Іздеу